Филиппин Президенті өзін Адольф Гитлермен салыстырды

/uploads/thumbnail/20170709093022622_small.jpg

Нашақорлармен күрес жөнінен аты шыққан Родриго Дутерте өзін Адольфом Гитлермен салыстырды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

БАҚ алдында баяндама жасаған Филиппин Президенті кейбір сыншылар өзін Гитлердің немере бауыры ретінде бейнелеп жүргенін де айтты.

"Филиппинде 3 миллион нашақор бар. Мен оларды өлтіруден тайынбас едім. Германияда Гитлер болса, Филиппинде де бар", деді Дутерте, өзіне нұсқап тұрып.

Естеріңізге салайық, жуырда ол G20 саммитінде АҚШ Президентін балағаттап, БҰҰ-ның Бас хатшысына тіл тигізген. Сондай-ақ өзінің нашақорлармен күресін сынаған Еуроодаққа да ауыр сөздерді айтқан. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи