Матаевтар ісі бойынша сот отырысы басталды

/uploads/thumbnail/20170709094711085_small.jpg

Астанада ҚР Журналистер одағы төрағасы Сейітқазы Матаев пен оның ұлы, «ҚазТАГ» ХАА-ның басшысы Әсет Матаевтың ісі бойынша сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

«Сөз бостандығы, балама ойлау болу керек. Мен оны ылғи айтып жүрдім. Бірақ, мен ешқашан оппозиционер болған емеспін», - деген Сейітқазы Матаев сот үкімінен ешқандай «ғажайып» күтпейтінін айтты.

«Ешқандай «ғажайып» күтпейміз. Бірақ, біз өзімізді кінәлі деп санамаймыз. Біз бұл шешімге де шағымданамыз. Қолдау білдіріп келгендерге алғыс айтамын. Осынша қиындыққа төзген Әсетке, менің отбасыма, адвокатыма алғыс айту керекпіз», - деді С. Матаев сот басталар алдында.

Сот отырысын Азаттық радиосы Фейсбук желісінде тікелей эфирден көрсетуде. 

Связанные Статьи