Ұзынағашта қайтыс болған үш азаматтың бірінің ұлы жүрек талмасымен ауруханаға түсті

/uploads/thumbnail/20170709094722008_small.jpg

Жерлеу рәсімі өткеннен соң Ұзынағашта қайтыс болған Жарқынбек Доладанұлының отбасының барлық мүшелері төсек тартып, ауырып қалған, -деп хабарлайды Qamshy.kzinformburo.kz-ке сілтеме жасап. 

13-жастағы Жалын жүрек талмасымен жатыр. Ал, жігіттің анасы 66 –жастағы  Биғайша Бәкеш әлі күнге дейін  тәулік бойына дәрігерлер қарауында. Ол кісіге күніне бірнеше рет система қоюда.

  

Қаза болған азамттың жесірі Майраш Садырханқызы тастай қатып қалған. Көршілерінің сөзінше, әлі күнге дейін ешкімге тіс жарып, сөйлемеген.  

Қаза болған отбасына қамқорлық көрсетуді  көршілер өз мойындарына алған.  

"Жарқынбек үйде тұрмайтын, отбасын асырау үшін күн-түн демей жұмыс істеді. Қазір қандай күйде екенін көріп отырсыздар ғой. Көршілері қолдан келгенше көмектесіп жатырмыз. Тамақ пісіріп, үйлерін жинап, қасықпен тамақ беріп. Өздеріне бірдеңе етіп қоймаса екен деп қорқамыз», -  деп күрсінеді  көршілері Нұржан Халық.

Шаруашылыққа да көршілер көмектесуде. "Қайғы барша ауыл тұрғындарын біріктірді. Біз осындай ауыр кезеңде оларды жалғыз қалдырмаймыз деп шештік. Біреу ас әзірлесе, біреу көңіл айтып келгендерді қарсы алуда, енді бірі дәріханаға барып дәрі алып келіп жүр», - дейді   Тоқтыбай Бахытқали.

Естеріңізге салсақ, 2016 жылдың 18 қыркүйегінде Алматы облысында ағайынды үш жігіт жоғалып, кейіннен өлі күйлерінде табылған. Марқұм болғандардың денелерінен зорлық белгілері табылған. Олардың екеуінің қылмыскерлер басынан атса, енді біреуінің кеудесінен атқан. Күдіктілерді 2016 жыл қыркүйектің 27 құрықтады. Полиция ақпараты бойынша, олар Алматы облысы, Жамбыл ауданының тұрғындары. 

Марқұмдардың туыстарының айтуынша, виза рәсімдеу құжаттарына байланысты, Қадылбектің Қытайдағы туыстары жерлеу рәсіміне келіп үлгермеген. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи