Ұзынағаш полициясы қандықолдардың басқа қылмыстарға қатысын жоққа шығарды

/uploads/thumbnail/20170709095022229_small.jpg

Полиция үш бірдей азаматты айуандықпен өлтірген екі күдіктінің Алматы облысы Жамбыл ауданындағы басқа қылмыстарға қатысы жоқтығын мәлімдеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

«Тұрғындар олар екеу емес, бірнешеу болған. Басқа да қылмыстар жасаған деп жатыр. Бірақ, біз әзірге ондай мәліметтерді анықтамадық. Қазір аталған қылмыс бойынша екі адам ұсталды, екеуі де кінәларын мойындап отыр. Айғақ заттар ретінде – мал мен мылтық, оқиға орнындағы гильзалар тәркіленді», - дейді Алматы облысы Жамбыл аудандық Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Бақыт Омарбаев. 

Бұған дейін Жамбыл ауданындағы үш адамның өліміне байланысты ауданда қылмыстық топ әрекет ететіні туралы хабарланған болатын. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи