НАЗАРБАЕВ ПУТИНГЕ «ДЕНЕСІН БОС ҰСТАУҒА» КЕҢЕС БЕРДІ

/uploads/thumbnail/20170709095708813_small.jpg

Ақордада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік әріптесі Владимир Путинді қабылдады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

«Сізді қуана қабылдаймын, жасаған сапарыңыз үшін рақмет. Биылдыққа біз сегізінші рет кездесіп тұр екенбіз, бұл кездесу де маңызды. Сочиде келіскеніміздей, біздің үкіметтеріміз жақсы жұмыс істеді, бүгін екі жақтан 900 кәсіпкер кездеседі. Жалпы құны 20 миллиард доллардан асатын 40 шақты бірлескен келісімдер жасалады», - деді Путинді күтіп алған Елбасы.

Елбасы сондай-ақ, екі елдің шекаралас өңірлері басшылары да кездесетінін атап өтті.

«Бұл өзара сенімді, біздің одақтастық қатынастарымызды білдіреді. Сізге ерекше ризамын. Сіздің қаншалықты қарбалас екеніңізді көріп отырмын. Бірақ, сайлау өткеннен кейін денені бос ұстауға болады емес пе? Жоқ сіз кеше Орынборға барып кездесу өткіздіңіз... Жігіттер жұмыс істеуі керек», - деді Н. Назарбаев әріптесіне әзілмен.

Сонымен қатар, Н. Назарбаев В. Путинді РФ-ның Мемлекеттік думасы депутаттарын сайлаудың сәтті аяқталуымен құттықтап, оның қиын уақыттағы үлкен жеңіс екенін атап өтті.

«Бұл жеңіс президенттің зор беделін білдіреді», - деді Н. Назарбаев.

Өз кезегінде В. Путин ҚР президентіне шақыруы үшін алғыс білдіріп, сауда-экономикалық айналымда шешімін күткен бірқатар мәселелер барын атап өтті. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи