Жезөкшеге барғыш жігіттер қандай ауруға шалдығады?

/uploads/thumbnail/20170709095807407_small.jpg

Иә, ауру атаулыда жыныстық жолмен таралған дерт түрлерін емдеп жазу қиының қиыны. Әсіресе жезөкшелер жыныстық дерттің небір түрін тасымалдаушы екені рас. Бүгінде ортамызда жезөкшеге бармаса тұра алмайтын жігіттер аз емес. Енді жезөкшелерден қандай ауру жұқтыруға болады? Соған тоқталайық. 

Жыныстық аурулар негізінен жыныстық жолмен, анальді түрде немесе орогенитальды байланыс арқылы таралады.  

Жыныстық дерт жезөкшемен жыныстық байланысқа түсу арқылы ғана жұқпайды. Жезөкшелер пайдаланған сүлгі, т.б. заттар да аурулардың ошағы екенін ғалымдар анықтаған.   

АҚШ ғалымдары 1988 жылы мынандай жаңалық ашты: әр күн сайын шамамен 38 мың адам жыныстық ауру жұқтырады екен. Әңгіме тек СПИД туралы емес. Кейбір ауру түрлері жыныстық жолмен ағзаға енген соң жылдар бойы жасырын жатады да уақыт өте келе адамды азапқа түсіреді.

Ал бәрінен  сорақысы жезөкшеге құмар жігіттер олардан ауруды жұқтырып қана қоймай, отбасындағы басқа адамдарға да (заңды әйелі, баласы, туған-туысы, т.б.) тасымалдайтынында.

Мамандар жезөкшемен байланысқан еркектің тамақ ішкен ыдысының өзі ауру бактериясының ұяшығына айналатынын айтып отыр. Яғни жаман жүрісті әйелмен байланысқан ер адамның тамақ ішкен ыдысының өзі, қарапайым тілмен айтсақ, харам екен. Жалпы жезөкшеге құмарлықтың өзі адалдық нышаны емес қой.

Дәрігерлер ерлер сақтық үшін пайдаланатын мүшеқаптың өзі аурудан толық қорғамайтынын айтуда. Өйткені, жұқпалы дерт, дененің басқа мүшесіне жабысып, (ауыз, аяқ, қол, т.б.) «жусаң да кетпейтіндей» боп сіңеді екен.

Жыныстық жолмен таралатын басты аурулардың атаулары: уреаплазмоза, папилломавирустық инфекция, генитальды герпес, гонорея,  хламидиоз, урогениталды трихомоноз, итомегаловирустық инфекция, сифилис, ВИЧ инфекция, венерикалық лимфогранулематоз, т.б.

Қалай болғанда да өз денсаулығы мен отбасының амандығын ойлаған азамат жезөкшеден аулақ жүретіні анық.

Айғаным Біртуар

Оставить комментарий

Связанные Статьи