Алматы облысы Көксу ауданының әкімдігі Ұзынағашта қайтыс болған үш азаматтың бірінің ұлы жүрек талмасымен ауруханаға түсті деген ақпаратты жоққа шығарды

/uploads/thumbnail/20170709100140660_small.jpg

Алматы облысы Көксу ауданының басшылығы Жамбыл ауданында қылмыскерер қолынан қаза тапқан үш азаматтың бірі Жарқынбек Долданұлының баласы жүрек талмасымен ауруханаға түсті деген ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Qamshy.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің хабарлауынша, бүгін Жамбыл ауданында көз жұмған Долданұлы Жарқынбек пен Зарылқанұлы Мұқиаттың жетісі Мұқыры ауылдық округіне қарасты «Қазақстанның 10 жылдығы» ауылының мешітінде берілген. Осы күнге орай, informburo.kz ақпараттық порталы  Долдан Жарқынбектің 13 жасар ұлы жүрек талмасымен ауруханаға түсті деген ақпар таратып, бұл хабарды өзге БАҚ-тар ары қарай таратқан.

Алайда, Көксу ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Кубиева бұл ақпардың шындыққа жанаспайтындығын алға тартуда.

«Қайтыс болған Долдан Жарқынбектің ұлы Жарқынбек Жалын әкесінің қазасынан кейін көніл- күйі болмады, басқадай денсаулығына қатысты шағым-сұраныс болмаған. Марқұм Зарылқан Мұқиаттың зейнеткер анасы Қожа Батен  көп жылдары денсаулығына байланысты мерзімді ем алып жүрген. Қазіргі таңда аудандық емханада емделуде», – дейді Жанар Кубиева.

Аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының сөзін Мұқыры ауылдық округінің әкімі Данияр Белижанов та растап отыр. Әкімнің сөзіне сүйенсек, ауыр қылмыстың құрбаны болған Жарқынбек пен Мұқияттың отбасына бүгінде жіті көңіл бөлінуде. Ал, ауруханаға түсті деген ақпарат шындыққа мүлде жанаспайды. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи