15 жастағы қыз туған жездесімен бірге үйінен қашып кеткен

/uploads/thumbnail/20170709100604682_small.jpg

Әзербайжанда кәмелетке толмаған қыз өз әпкесінің күйеуімен бірге қашып кеткен. Бұл туралы Qamshy.kz Stan.kz- ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жалалабад ауданы, Мамедрзалы ауылында тұратын 15 жастағы қыз Айнұр Нағиева 23 қыркүйек күні түнде өз үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Деректер бойынша қыз өзінің туған әпкесінің күйеуі 26 жастағы Алемдар Мамедовпен Бакуге қашып кеткен.

Қыздың әкесі Рамиль қызына құда түсу үшін көрші ауылдың адамдары бірнеше рет айттырып келгенін, бірақ кәмелетке толмағандықтан оларға қарсы болғанын айтыпты.

Қазір Айнұр Нағиева мен Алемдар Мамедовты полиция іздеп жатыр.

Оставить комментарий

Связанные Статьи