Алматы облысындағы “Алтынкөл” кедендік бекетінің қызметкерлері әлемге танымал смартфон брендтерінің жалған көшірмелерін тәркіледі,- деп хабарлайды Qamshy.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.
30 қыркүйек күні “Жаркент” бақылау-өткізу бекетінде кедендік шекарадан жалпы салмағы 73 келі болатын 346 ұялы телефонды алып өту әрекеті жасалды.
“Қазіргі уақытта ұсталған тауардың құнын бағалау жұмыстары жүруде”, – делінген Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Оставить комментарий