Кәрім Мәсімов тақ таласына дайындықты бастап кетті ме?

/uploads/thumbnail/20170709100541103_small.jpg

Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы болған күні мына ойларымды бір азаматтарға айтып едім, енді көпшілікпен де бөліскім келіп отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев Ислам Кәрімов өлгенннен кейін көп ұзамай Кәрім Мәсімовты ҰҚК төраға етіп тағайындады. Оның негізгі себебі- ҰҚК күшейту арқылы Президент өзінің мұрагерін сақтауды және оған бәсекелес болуы мүмкін адамдарды саяси сахнадан аластауды көздейді.

Өзбекстанда Ұлттық қауіпсіздік қызметінің (СНБ), оның басшысы Рустам Иноятовтың арқасында Шавкат Мирзиёев президенттік орынның жалғыз үміткері болып отыр деп есептеймін.

Кәрім Мәсімов ҰҚК барғаннан кейін көп ұзамай бюджеттен құқық қорғау органдарына қосымша 70 млрд. теңге бөлінді.

Қысқаша айтсақ, осы жылдың 02 қыркүйегінде Ислам Каримов көз жұмды, 08 қыркүйекте Кәрім Мәсімов ҰҚК басшылыққа тағайындалды, 13 қыркүйекте осы салаға  қосымша 70 млрд. теңге ақша бөлінді.

Менің ішкі есебім бойынша болашақта президенттікке үміткер болуы мүмкін-ау деген адамдар туралы жағымсыз ақпараттар (компромат) тарату ісі Кәрім Мәсімов тағайындалғаннан 2-3 ай өткеннен кейін басталуы керек болатын. Бірақ, Кәрім ака ол істі тезірек бастауды жөн көрген сияқты ма деп қалдым.

Оның бір себебі, соңғы күндері «Караван» газеті Иманғали Тасмағамбетовтың Қорғаныс министрі болып тұрған кездегі кемшіліктерін тізіп, оның үлкен қызы Әсел Тасмағамбетова мен күйеуі Кеңес Рақышевтың байлығы туралы жаза бастады.

Әрі қарай осындай ақпараттық шабуылдар тағы бірнеше адамға бағытталуы мүмкін.

Ең негізгісі Кәрім Мәсімов Президент ұсынатын мұрагердің бәсекелестерін жоюмен ғана шектеле ме, әлде «Х» сағатта өзі негізгі бәсекелеске айнала ма? Мәселе осында...

Бұл әрине менің жеке пікірім. Мен қателескен болуым да мүмкін. Сіздер қалай ойлайсыздар?

Мақсат Ілиясұлының Фейсбуктегі парақшасынан алынды

Оставить комментарий

Связанные Статьи