Қарағандыда тағы бір қаржы пирамидасы халықты тақырға отырғызды

/uploads/thumbnail/20170709100855653_small.jpg

Қарағандының Майқұдық ауданында біраз уақыттан бері жұмыс істеп тұрған «Оптовка» қаржы компаниясы жабылып қалды. Бұл жайында Baq.kz редакциясына алданып қалғанындарына шағымданған қарағандылық тұрғындар хабарласқан,- деп хабарлайды Qamshy.kz.

 

Дегенмен, бұл қаржы пирамидасының да ғұмыры ұзаққа бармады. «Оптовка» қаржы компаниясының жабылып қалғаны жайлы осы жүйеге ақша салып, сан соғып қалған қарағандылық тұрғын айтып берді.

«Оптовканың» жабылғандығы туралы хабар халық арасында таңертең тарады. Салған ақшамды уайымдап, жұмыстан сұранып, осында келген едім. Мен сияқты адамдар мұнда көп екен. Түстен кейін құқық қорғау органдарының қызметкерлері келіп, қаржы компаниясының барлық құжаттарын, компьютерлерін тәркілеп, басшысын өздерімен бірге алып кетті. Әрі қарай не болатынын білмейміз», - деді редакциямызға хабарласқан Жарқын есімді азамат.

«Оптовканың» алдындағы қара құрым халық кеш батса да тарқар емес. Олар сотқа жүгініп, қаржы пирамидасына салған ақшаларын қайтарып беруді сұрамақшы.

Қарағанды облысының құқық қорғау органдары осы мәселеге қатысты әлі ресми түсініктеме берген жоқ.

Естеріңізде болса, Мавродидің «МММ» пирамидасы қаншама адамды зар қақсатса, Қазақстанда 1994 жылы пайда болған «Смағұлов және К0» қаржылық пирамидасы да елде біраз шу тудырған болатын.


 

Оставить комментарий

Связанные Статьи