Батыс қоғамы үйреншікті офис түрінен жалыға бастаған сияқты. Әдеттегі көз үйренген үстел, орындық пен құжаттарға арналған шкаф кейбір елдегі қызметкерлерге ұнамайтын болып шықты. Офистің де түр-түрі болады екен.
Invention Land компаниясы офисін ойыншық автодромның ортасына орналастырыпты.
Ал Radford Wallis Лондондағы Giant Office Supplies офисінде алып қаламсаптар мен қарындаштарды орнатқан.
Ал Франциядағы Pons Huot апартаменттерінде жүздеген қызметкер бар. Әр адамға жеке шар бейнесіндегі кабинеттер берілген.
Швециядағы Bahnhof Office интернет-провайдері офисін бомбаханаға орналастырыпты.
Бұл да Invention Land-қа тиесілі. Үңгірдегі офис.
Жалаңаштар кафесі, жалаңаштар аллеясы, т.б. тыр жалаңаш пенделерге арнап неше түрліні ойлап тапқан ағылшындардың арасында тіпті жұмысқа ішкиім кимей баратындар бар екен. Onebestway компаниясының қызметкерлері аптаның соңғы күні офисте тыр жалаңаш жұмыс жасайды.
Әзірлеген Айғаным Біртуар
Оставить комментарий