Қанды қазаға жоқтау

/uploads/thumbnail/20170709101033653_small.jpg

Қыркүйек айының 18-інде Алматы облысы Жамбыл ауданында үш бірдей азамат жоғалып, 24 қыркүйек күні олардың қылмыскерлер қолынан қаза тапқаны мәлім болды. Сол үш азаматтың бірі Қадылбек Әлімханұлының ұстазы Құсыман Әуезов қиын сәтте туған қос өлеңін редакциямызға жолдапты.

Қадылбекті іздеу

Қадылбек қарғам бармысың,

Бар еді тұлғаң нар мұсын.

Аллаға тілек қыламын,

Түспесін саған жан қысым.

Жолдасың, жораң өзіңмен,

Сезгенем бақыт көзіңнен.

Қалай бір қастық сайлады,

Безбүйрек, сұмдар, безінген.

Жігерім құм боп отыр-ау,

Жете алмай сенің қасыңа.

Құтылған ауыр тірліктен,

Көргенде күнің осы ма?!

Жапаны тартып бір кездер,

Дегенде енді жеттім-ау.

Қазақ деп шіркін, қарғам-ау!

Әкеңдей сеніп кеттің-ау,

Бауырым аман болса екен,

Өтеді-ау, дүние ой деген.

Сапты аяқтан ас ішсең,

Сабына қарауыл қой деген.

Үш бірдей қайрен боздақтар,

Бір Алла ғана жар болсын.

Жарқылдап тұрған жүзіңді,

Көретін күндер бар болсын.

Елжіреп жатқан елің бар,

Жамырап жатыр жақының.

Сен үшін айғай салынды,

Сен үшін шықты батыл үн.

Ау баста жазған маңдайға,

Телейің, құтың, бақ, қайғың.

Болыңдар аман бауырлар,

Аллаға аманаттаймын.

2016 жылғы 23 қыркүйек, жұма

Көңіл айту

Жетпей кеті-ау, амал не арманына,

Көнесің Алла басқа салғанына.

Баян тірлік береке, бірілік бер,

Туған-туыс, бала-шаға, қалғанына.

Ағалар айтты ақыл құп алатын,

Арманың ала таудан құламасын,

Арқалы ел, ата заң тұрғанында,

Жегенін желкесінен шығаратын.

Сабырдан санаңызға күш кесе екен,

Бірлік берекетің үстесе екен,

Жетесіз жел өкпенің қылығына,

Ағайын араңа жік түспесе екен.

2016 жылғы 24 қыркүйек

Қадылбек Әлімханұлының ұстазы Құсыман Әуезов

Оставить комментарий

Связанные Статьи