WikiLeaks-тің негізін қалаушы Джулиан Ассанж бүгінде Лондонда жасырынып жүр. Ол Хиллари Клинтонның ел білмейтін әрекеттерін жайып салғаны үшін Клинтон отбасының жауларының тізіміне енген, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Джулиан Ассанж 8 қарашаға дейін Клинтоның құпиялары туралы ақпараттарды жаңартатынын да мәлімдеді. Бұл туралы «The Political Insider» жазады.
Джулиан Ассанждың ойынша, Хиллари Клинтон террористерді қаржыландырып отыр. Мемлекеттік хатшы кезінде Клинтон Катарға қару сатқан көрінеді. Ол сондай-ақ «Сирияның достары» деп аталған ұйымның құрылуына ұйытқы болған. Осындай пікірлерін Джулиан Ассанж Клинтонның 1700 электронды хатының мазмұнымен бекіткісі келеді. Клинтонның сақталған хаттарында АҚШ президентігінен үміткер әйелдің Сириямен, Ливиямен байланысы бары білінеді. Джулиан Ассанждың ойынша, Клинтон «Ал-Каидамен» де байланысты.
Оставить комментарий