"Калькулятор" атанған 10 жастағы қазақ баласы Ресей жұртшылығын таң қалдырды

/uploads/thumbnail/20170709101129779_small.jpg

Астанада тұратын калькулятор бала ресейлік телешоудың қазылар алқасы мен көрермендерін таң қалдырды. 10 жастағы оқушы математикалық есептерді шемішкеше шағады,- деп хабарлайды Qamshy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап. 

«Россия 1» арнасының «Удивительные люди» жобасында Ілияс үш сынақтан да сүрінбей өткен: алдымен ол бірнеше секундта екі және үш таңбалы санды қосып, кейін екі қос таңбалы санның квадратын тауып. артынша осы сандардың айырмасын есептеп берді. Баланың тапқырлығына риза болған көрермендер орындарынан өре түрегеліп, қол шапалақтады. Аталған шоудың жазбасы Youtube хостингінде жарияланды.

10 жастағы Ілияс Тоқтарханды «калькулятор адам» деп атайтын көрінеді.

«Мені калькулятор адам деп атайды, өйткені мен ойша барлығынан жақсы есептеймін. Мен екі, үш, төрт таңбалы сандардың бірнеше қатарын есептей аламын, екі және үш таңбалы сандарды көбейтіп, бөліп, квадрат түбірін шығарамын. Математикалық икемім мен кілең беске оқитыныма мақтанамын», - деді ол тележоба кезінде.

«Мен жай ғана есептер мен абакусты елестетіп, есепті шешемін», - деп түсіндірді оқушы өзінің ерекше қабілетін.

Оның айтуынша, 9 жасында ол Нью-Делиде ментал арифметикадан өткен жарыста топ жарған. Додаға әлемнің 52 елінен 12 мың адам қатысқан.

«Менің бұл қабілетім дүкенге барғанда, шетелге шыққан кезде көп көмектеседі. Валюта бағамын калькуляторсыз-ақ есептей беремін. Болашақта IT маманы болғым келеді. 3D-ойындарының бағдарламасын, роботтар мен сайттар жасап, фотошопты меңгергім келеді. Маған бұл жоба математикалық қабілетімді көрсетіп, барлығын таңдандыру үшін керек», - дейді Ілияс Тоқтархан.

«Удивительные люди» телешоуы – 2011 жылы Германияда сәтті бастау алып, Қытай, АҚШ, Франция, Италия мен Испанияны қоса алғанда көптеген елдерде таралған he Brain шоуының ресейлік нұсқасы.


 

Оставить комментарий

Связанные Статьи