Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты Еңлік Сыдықова есімді жас актрисаның айыптауларын Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов та құптап отыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Тұңғышбай Жаманқұлов А. Мұхамедиұлы Алматыдағы Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясына басшылық жасаған кезде студент қыздарға теріс қылық көрсеткенін растап отыр. Халық әртісінің бұл мәлімдемесі журналист Инга Иманбайдың Youtube желісіндегі арнасында жарияланды.
Халық әртісі А. Мұхамедиұлы мәдениет саласына басшы болып келгелі де біраз кемшіліктердің орын алып отырғанын жайып салды.
Тұңғышбай Жаманқұлов министрге қатысты айтқан сыни пікірлері үшін А. Мұхамедиұлы өзін де қудалап жатқанын айтады.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін Алматыдағы Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының түлегі Еңлік Сыдықова А. Мұхамедиұлы оқу орнын басқарып тұрған кезде өзіне қысым көрсеткенін мәлімдеген болатын.
Оставить комментарий