Қытайдың солтүстік-батысында ғасырдан астам уақыт жасаған әжей өзінен кіші ер адамға тұрмысқа шықты. Бұл туралы Qamshy.kz хабарлайды Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Салтанатты жағдай Ұйғыр автономиялық ауданына қарасты Бачу Синьцзян өлкесінде болған. 71 жастағы Чжэн есімді ер адам өзінің ғашығына бір жылдай тер төгіп жүріп қол жеткізіпті. Ол бірнеше рет ұсыныс жасағанына қарамастан, әйел оған қарсылық білдіріп келіпті. Әжей өзінен 43 жас кіші ер адаммен көңіл жарастыруға ұялған сыңайлы.
Алайда ер адам табанды болып шықты. Оларды бірге тұратын қарттар үйінің қызметкерлері де қолдаған. Тек 114 жасқа толған күні ол ерекше ұсынысқа келісім берген.
Чжэннің айтуынша, ол ғашығын бір көргеннен сүйіп қалған. “Мен ешуақытта осы бір бақытты сәтке жетемін деп ойламадым. Біздің арамызды өлім бөлгенше онымен бірге боламын”, – дейді жас күйеу.
Оставить комментарий