Қазақстанда алдағы жылы зейнетақы мөлшері артатыны белгілі болды. 2017 жылы Қазақстанда базалық зейнетақы көлемі артып, 12 мың 802 теңгені құрайды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
«Әлеуметтік жәрдемақы 7 пайызға көтеріледі. Зейнатақы орта есеппен 20 мың 167 теңгені құрайды», – деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет заң жобасын шолу жөніндегі жиында.
Оның айтуынша, 2017 жылдың қаңтар айынан бастап барлық әлеуметтік жәрдемақылар 7 пайызға көтеріледі.
Сонымен қатар, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік даму концепциясын жүзеге асыру қолға алынады.
«Өзгертулер енгізу үшін қосымша шығындар есептелуде. 2018 жылға қарастырылып отырған базалық зейнетақы, асыраушыдан айырылған жағдайдағы жәрдемақылар – 63 млрд теңге, ал 2019 жылға 88 млрд теңгеге көзделіп отыр», – дейді вице-министр.
Оставить комментарий