«Жұмыспен қамту 2020» жол картасы аясында 5 өңірде пилоттық режимде «Ауылда жұмыспен қамту» атты жаңа жобаны іске асыру қолға алынды. Оған 10 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаржы ауылдардағы жаңа кәсіпорындарды қолдауға және оған мамандар тартуға жұмсалады. Және ауылда жұмыссыз жүрген жандарға жұмыс тауып беруге назар аударылады. Осы арқылы эл экономикасын көтеруге болады. Экономикасы дамыған ел әлемдік нарықта өзге елдермен тайталаса алады.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар жоспары оңтүстікте де қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Мысалы, "Агробизнес 2020" бағдарламасы аясында Отырар ауданының Маяқұм, Балтакөл ауыл округтеріндегі «Отырар-Сүт-Ет» селолық тұтыну кооперативінің құрамына жергілікті «Серікбай-Б», «Мейірбек ЛТД», «Үсенов-Н» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер кіреді. Бұл серіктестіктер біріге отырып, ауқымда жобаларды іске асыруда. Кооператив биыл 190 гектар алқапқа «Жиенбай» сортты қауын, 130 гектарына жоңышқа, 100 гектарына жүгері дақылдарын еккен. Бұл дақылдар нарықта жоғары сұранысқа ие. Жаңа технологияларды пайдалану арқылы мол өнімге қол жеткізген шаруашылықтың өнімдеріне сұраныс жоғары. Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгінде Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларынан келген кәсіпкерлер өздері тасымалдап әкетуде екен. Ал, Балтакөлдегі диқандар ғылымға негізделген, соңғы озық технологияларды пайдаланып 104 гектар алқапқа тамшылатып суару әдісімен пияз егіпті. Диқандар әр гектарынан 60 тоннадан өнім алуда. Бұл өнімдер келісім-шарт бойынша «Отырар қойма» ЖШС-нің қоймасында сақталмақ. Сонымен қатар, 50 гектар алқапқа тамшылатып суару әдісімен күздік пияз егіліп біткен.
Дәл қазір оңтүстік аудандарында осындай тірліктер атқарылуда. Күзгі жиын-терімде мол өнім алу жоспарланып отыр.
Оставить комментарий