Президент Н.Назарбаев «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында: «Экономиканың жоғары технологиялық жаңа салаларын құру ғылымды қаржыландыруды ішкі жалпы өнімнің 3 пайызынан кем емес деңгейге дейін арттыруды талап етеді. Ішкі жалпы өнімнің энергия тұтыну ауқымын 2 есе азайту маңызды. Шағын және орта бизнес 2050 жылға қарай Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің қазіргі 20 пайызы орнына кемінде 50 пайызын өндіретін болады. Еңбек өнімділігін 5 есеге – қазіргі 24,5 мыңнан 126 мың долларға дейін арттыру керек. Әлеуметтік саланы дамытудың 2050 жылға дейін басты бағдарлары нақты индикативті цифрларда көрсетілген. Біз ішкі жалпы өнім көлемін жан басына шаққанда 4,5 есе – 13 мың доллардан 60 мың долларға дейін арттыруымыз керек. Қазақстан халық құрылымында орта тап үлесі басым елге айналады. Урбанизацияның жаһандық үрдісіне орай қалалық тұрғындар үлесі барлық халықтың қазіргі 55 пайызынан 70 пайыздай деңгейге дейін өседі. Қазақстанның қалалары мен елді мекендерін сапалы жолдар мен көліктің барлық түрінің жүрдек бағыттары байланыстырады» – деп атап өткен болатын. Осы орайда Отырар ауданында Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырушы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының банк кредиттерін субсидиялау және банк несиесін кепілдендіру бағыты бойынша жеке кәсіпкер Үркімбаев жүк тасымалдау қызметін көрсетуге 12,0 миллион теңге несие қаржы алды. Бұдан бөлек гранттық қаржыландыру бойынша жеке кәсіпкер Ерденқұлов Нұрқұл санырауқұлақ өсіру жобасына 1,2 миллин теңге грантқа ие болды. 2015 жылы аудан тұрғындарына мал бордақылау, мал басын көбейтуге, кіші цехтар ашуға, әр түрлі дақылдар өсіруге және т.б. бағыттар бойынша жобаларға әр түрлі қаржы институттары арқылы қысқа және ұзақ мерзімге 3153 жобаға 1 млрд 967 млн 700 мың теңге несие қаржы алынды. Өткен жылы бағдарлама аясында екі жоба іске қосылған болатын. Олар: Темір ауыл округінен «Отырар Дән» ЖШС-нің жүгеріні кептіру және сақтау зауыты және Шілік ауыл округінен жеке кәсіпкер Құдіретұлла Бақытжанның 5000 бас құс фабрикасы.
Оставить комментарий