Сауд Арабиясының ханзадасы өлім жазасына кесілді

/uploads/thumbnail/20170709115625245_small.jpg

Сауд Арабиясы билігі патша отбасы мүшелерінің бірі Түрки бен Сауд Әл Кебирді өлім жазасына кесті. Оған досын өлтірді деген айып тағылып отыр.

Бұл туралы  Qamshy.kz Stan.kz –ке сілтеме жасап хабарлайды.

Үкім туралы елдің сыртқы істер министрлігі де растаған. Үкімді Сауд Арабиясының жоғарғы соты шығарған. Ал жазаны орындау туралы бұйрыққа королдің өзі қол қойған.

Тергеу мәліметіндегідей, король отбасының мүшесі үш жыл бұрын Эр-Риядтағы лагерлердің бірінде атыс ұйымдастырып, өзінің досы Әділ ал-Мхемедті атып, тағы бір адамды жаралаған. Оның бұл әрекеті үлкен шу тудырған еді.

Король отбасы мүшесінің өлім жазасына кесілуі араб елдеріндегі монорхия тарихында алғаш рет болып отыр.

Оставить комментарий

Связанные Статьи