Қазnet неге тұмшаланды?

/uploads/thumbnail/20170708152441139_small.jpg

Қазақстандық Facebook  желісінде жаңа "ағым"  байқалды. Қоғам белсенділері, журналистер,  саясатанушылар  және  басқа да  фб қолданушылары медициналық бетпердемен түскен  суреттерін, яғни қазіргінің тілімен айтқанда "селфилерін" желілерге жариялауды  бастады. Мұндай әрекет арқылы  олар Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруге  қарсы екенін білдіргілері  келеді.   Еуразиялық Одақ құру туралы құжатқа қол  қоятын күн  жақындап  қалды. Осыған байланысты  қоғамдық наразылық шарасының бір көрінісі болса керек. 

Бұл  туралы заңгер  Мақсат Ілиясұлы: "Маска" кию шарасына басында сын көзбен қарағаным рас. Артынан байқап қарасам, бұл шара бір адамдарға, белгілі бір күштерге қатты ұнамай отырған сияқты, тіпті әлдекімдердің шымбайына батқан сияқты.  Сондықтан, бұл да қоғамдық көзқарасты білдірудің бір жолы ретінде мен де өз үлесімді қосайын деп шештім және көп маска сатып алдым. Енді оны қалаған адамға тегін таратамын, деп жазады өз парақшасында. 

Бетперде таққандардың  қатарында "Ар.Рух.Хақ" қоғамдық қорының президенті Бақытжан Төреғожина,  фб қолданушысы Мирас Есенғабыл, жастар белсендісі  Тазабек Сәмбетбай және  т.б.  бар.

Сурет  exclusive.kz  сайтынан

Оставить комментарий

Связанные Статьи