Мемлекеттік Думаның вице-спикері, «Единая Россия» бас кеңесінің хатшысы Сергей Неверов «Россия-1» телеканалына берген сұхбатында депутаттарды жазалаудың жаңа түрі туралы айтып берді.
«Егер адам отырысқа себепсіз қатыспаса оның жалақысынан ақша алынуы керек. Біздің әріптестеріміз айына алты пленарлық отырыс өткізеді. Егер депутат келмесе онда жалақысының алтыдан бір бөлігінен айырылады. Тағы келмесес тағы да алтыдан бір бөлігі алынады. Егер депутат бір ай бойы отырысқа қатыспаса өкілеттігінен айыру туралы мәселені көтеруге болады» деді Неверов.
Оставить комментарий