Жапония императоры тақтан түскісі келетінін мәлімдеді

/uploads/thumbnail/20170709120019314_small.jpg

Алайда қазіргі жапон императоры тағында 2018 жылға дейін отыруы мүмкін. Оған дейін ел үкіметі император Акихитоның өзіне арналған заң қабылдамақ, - деп хабарлайды Qamshy.kz Kyodo News-ке сілтеме жасап.

Осы аптаның басында Жапония үкіметі арнайы сарапшылардың отырысын өткізіп, аталмыш мәселеге байланысты нұсқаулар дайындай бастады. Ендігі міндет — император тақтан түскен соң ол ие болатын титул мен дәрежені белгілеу.

Қазіргі заңға сәйкес тақ билік басындағы монарх дүниеден озған жаңдайда ғана оның мұрагеріне беріледі.  

Сексен екі  жастағы Акихито тамыз айында жасының келуіне байланысты тақтан түскісі келетінін мәлімдеген болатын.

Бұған дейін императордың тақтан көзінің тірісінде түсу оқиғасы ең соңғы рет 1817 жылы тіркеліпті. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи