Түркияда 300-ге жуық адамның өмірін қиған апат болған шахтада бір қазақ жігіті жұмыс істейді екен. Қандасымызбен осы елдегі Ұлттық арнаныңменшікті тілшісі сұхбаттасты.
Ал, шахтерларды құтқару операциясы әлі жалғасып жатыр. Бүгін билік өкілдері жер астында қалып қойғандар туралы алғаш рет мәлімет таратты.
Шахтаның ішінде әлі 20-ға жуық адам бар. Сондықтан, қаза болғандардың саны 300-ден асуы мүмкін. Түркия билігінің алғашқы таратқан мәлімдемесі - осындай. Алайда, кеншілер бұл көрсеткіш одан да көп, деп отыр. Абдуллах Текман - Түркиядағы қандасымыз. Жарылыс болған шахтада кенші болып жұмыс істейді. Сол күні денсаулығына байланысты кезекшілікке шықпаған. Жалғыз өзі үйіне қайтыпты. Ал, қасындағы 25 серігі осы апттан қаза тапты. Кенш Абдуллах Текман осыдан 15 күн бұрын шахтада бас бармағымды қыстырып алған екен. «Дәрігер маған емделуге 7 күн уақыт берді. Жарылыстан бір күн бұрын келдім. Дәрігер қайтадан 10 күнге қайтарып жіберді. Ертеңінде түнде жарылыс болыпты», - дейді бір ажалдан аман қалған қандасымыз. «Қаза болғандардың отбасына жан-жақтан көмек көрсетіліп жатыр. Бүгін білім министрлігінің қоры марқұмдардың балаларын тегін оқыту туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, елдің ататқы футболшылары, әншілері тіпті бірқатар шетелдік жұлдыздар шаңырағы шайқалған жанұяларға ақшалай көмек көрсетуде»,- дейді «Қазақстан» телеарнасының тілшісі Бақытжан Омар.
ҚазАқпарат
Оставить комментарий