Қазақ күресінен Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы турнир өтуде

/uploads/thumbnail/20170708152442639_small.jpg
Бүгін  "Евразия" спорт клубында Қызылорда қаласы әкімінің жүлдесі үшін қазақ халқының әлемге әйгілі балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлын еске алуға арналған қазақ күресінен ашық республикалық турнирдің салтанатты ашылуы өтті.Бұл туралы облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Шоңғалова хабарлады. Биыл үшінші мәрте ұйымдастырылатын турнирге еліміздің облыстарынан 10 команда қатысады. Жарыс 7 салмақ дәрежесі бойынша өткізіледі. Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері 18 мамыр күні анықталады. ҚазАқпарат

Оставить комментарий

Связанные Статьи