Ақын Жәркен Бөдеш - 70-те

/uploads/thumbnail/20170708152444619_small.jpg

    Бүгін  сағат 16.00-де Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде қазақтың классик ақыны, Жайырдың жалғызы, Алаштың айбозы Жәркен Бөдешұлының 70 жылдық мерейтойына байланысты шығармашылық кеші өтеді. Бұл туралы ақын Тоқтарәлі  Таңжарық facebook парақшасында  мәлімдеді. 

 Шығармашылық кеші  "Арғы тауға -  асумын, бергі тауға -  белеспін" деп аталады. Жыр кешіне ақынның қаламдас достары  мен  әншілер  қатысады. Қытайдағы қандастарымыз "Бөдештің бөлтірігі - 70-те" деп дуылдасып жатыр деседі.

   Жәркен Бөдешұлы 1944 жылы 15 мамыр да туған. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Түркі тілдер елдері поэзиясы ІІ фестивалінің лауреаты. Қ.Сәтбаевтың 150 жылдық мерейтойына арналған халықаралық мүшәйраның бас жүлдегері. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында бөлім меңгерушісі болған. Қазір Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының әдеби кеңесшісі. Мерзімдік басылымдарда және мемлекеттік Кітап палатасында жауапты қызметтер атқарған. Онға  тарта  жыр жинақтарының авторы, әр түрлі  басылымдарда  ақынның «Аңырақай бекетіндегі ой», «Қарауыл төбе», «Генерал Жаһар Дудаев», «От пен су» («Сорос— Қазақстан» қорының жүлдесі берілген), «Тас бесік», «Бостандықтың басы», «Шер», «Жалғыз» атты дастандары жарияланды.

 Жайыртаудың жалғызының жыр кешінен қапы қалмаңыз, жыр сүйер қауым!

(Мәліметтер wikipedia сайтынан алынды)

Оставить комментарий

Связанные Статьи