Ақын Исраил Сапарбайдың «Сенің туған күніңде» атты әдеби-музыкалық кеші өтеді

/uploads/thumbnail/20170708152444247_small.jpg

 Мамырдың 24 күні сағат 19.30-да Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік Филармониясының концерт залында (Төле би және Ш.Қалдаяқов көшелерінің қиылысы) ақын-сазгер, драматург, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері Исраил Сапарбайдың «Сенің туған күніңде» атты әдеби-музыкалық (поэзия, ән, би) шығармашылық кеші өтеді. Кешке танымал эстрада жұлдыздары,  талантты жас әншілер және Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының студенттері қатысады.

            Күнделікті өткізіліп жүрген машықты, стереотиптік сипаттағы концерттерден аталмыш кештің басты айырмашылығы мен өзгешелігі –  үш бірдей өнер саласының, яғни Поэзия, Ән, Бидің бір-бірімен кірігіп, бірігіп тұтастай шығармашылық кешке айналуы. Әрине, бұл автор үшін де, қойылым режиссері үшін де үлкен еңбекті, ыждағатты ізденісті талап етеді.

            Айта кету керек, өткен жылдың 5-6-мамыры күндері М.Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театрында И.Сапарбайдың «Махаббат маусымы» атты әдеби-музыкалық өнер кеші өткен болатын. Кеш көрермен-тыңдарман қауымы тарапынан үлкен қызығушылық туғызып, жақсы жаңалық тұрғысында бағаланды. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы бұл кешті толықтай түсіріп, бірнеше рет көрермен назарына ұсынған болатын.

         Бұл шығармашылық кеш -  режиссер мен ақынның шынайы достығы мен бірнеше жылғы шығармашылық тандемінің игілікті жемісі. Анығырақ айтқанда, әрі ұстаз, әрі режиссер Мұрат Әбзелбаев, нәзік лирикалық ақын – «Махаббат шайыры» Исраил Сапарбай өздерінің өнер өрісіндегі көпжылдық тәжірбиелері мен қарым-қабілеттерін бір арнаға біріктіріп, көпшілік игілігіне ұсынып отыр. Бұл – іздеймін, табамын деген кісіге Өнер көкжиегінің шексіздігін аңғартса керек.

Құрметті,  жыр сүйер қауым!  Ұлттық өнеріміздің көкжиегіне тағы бір көз жеткіземін десеңіз, «Сенің туған күніңде» деп аталатын кешті көріп, тамашалаңыз!

Байланыс телефондары:  8 701 360 66 63, 8 727 354 06 07    

Билеттер Филармония кассасында сатылады.

Сурет wikipedia сайтынан алынды

Оставить комментарий

Связанные Статьи