Қазақстанда "Сыпайы жандар" деген суреті бар жейдешер пайда болды. "Сыпайы жандар" - кекету үшін айтылған атау. Жейдеде Қырымды басып алған ешқандай әскери белгісі жоқ "солдаттар" бейнеленген. Белгісіз жендеттердің әр түрлі әскери іс-әрекеттері кескінделген.
"Сыпайы жандар" жейделерін шығарған кәсіпкер Захарованың айтуынша, қазіргі кезде бұл Украин-Ресей тақырып өте өзекті және көпшілікке қызық. Сондықтан, дәл осындай бұйым шығаруды жөн көрген. Дүкенінің ашылғанына үш апта уақыт өтіп, саудасы жүріп жатыр. Алайда, алымсақ айтарлықтай көп емес. Саяси мәселелерді білетін адамдар бұл жейделердің мәнін түсініп, сатып алуда.
Дүкен қаладағы үлкен сауда үйлерінің бірінде орналасқан. Және ғаламтор арқылы сатып алуға да болады. Жейделер 2500 - 5000 теңге шамасында тұрады екен.
Дереккөз http://tengrinews.kz
Оставить комментарий