Грузияның Босқындар ісі жөніндегі министрі Созар Субари республиканың бұрынғы басшысы Михеил Саакашвили ерте ме кеш пе, елге оралатынын айтты. Министр Отанына оралған соң Саакашвили түрмеге қамалатынын да жасырмады. Бұл туралы 112 Украина. хабарлайды.
"Саакашвили ерте ме кеш пе, міндетті түрде Грузияға оралады, оны бұнда 9 мекемедегі камера күтіп тұр" деді Субари.
Естеріңізге салайық, қазан айының басында Михеил Саакашвили Грузияға баратынын айтқан еді. Алайда ол көп ұзамай Украинада шаруасының көптігіне байланысты бұл ойынан бас тартатынын мәлімдеген.
Оставить комментарий