Астананың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде

/uploads/thumbnail/20170709124219705_small.jpg

 Астана қ. әкімнің баспасөз қызметінің берген мәліметіне сүйене отырып, қардың көп мөлшерде түсуіне байланысты елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде деп хабарлайды qamshy.kz сайты.

«Астана Тазалық» ЖШС-інің ақпаратына сәйкес, қала көшелеріне 173 техника шыққан. 290 адам жаяу жүргінші жолдар мен гүлбақтарды тазалауға жұмылдырылды. Сонымен қатар, жолдарға құм-тұз қоспасы себілуде.

Синоптиктердің болжауы бойынша, ертең, 26 қазанда, Астанада көшпелі бұлт шығып, күндіз аздап қар жауады. Солтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -8…-10°С, күндіз -3…-5°С болады.

27 қазанда көшпелі бұлт шығады, қар жауады, сырғыма бұрқасын соғады. Батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -6…-8°С, күндіз -1…-3°С болады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи