Аталмыш ұйым өкілдерінің пікірінше АҚШ Президенті Хиллари Клинтон мемлекеттік хатшы болып тұрғанда қызметтік хат-хабар үшін жеке компьютерлік серверін пайдаланғанын білген. Алайда Обама көпшілікке өзінің бұл жағдайдан хабарсыз екендігін мәлімдеген. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлайды.
Бұндай қорытындыға Wikileaks ұйымы Клинтонның көмекшілерінің хаттарын саралған соң келген. Ұйым дәлел ретінде бұрынғы мемхатшының аппарат басшысы Шерил Миллздің Джон Подестеге жазған хатын келтіреді.
Обама болса 2015 жылдың наурыз айында Клинтонның жеке компьютерлік серверді пайдаланатынын бұқаралық ақпарат құралдарынан білгендігін мәлімдеген.
Оставить комментарий