Кеше Астана қаласындағы «Абай» қонақ үйінің коференция залында «Керемет той» журнал-сайтының таныстырылымына арналған дөңгелек үстел өтті.
www.keremettoi.kz сайты – танымал журналист, ҚР Жазушылар Одағы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, ҚР Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының Академигі, ҚР мәдениет қайраткері, ҚР еңбек сінірген жаттықтырушысы Сәдібек Түгелдің жетекшілігіндегі «Түгел-Медиа» бірлестігінің интернет ресурысының бірі.
«ТҮГЕЛ МЕДИА» бірлестігі – құрамында 17 бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс істейді. Бір сөзбен түйіндегенде қуатты медиа бірлестіктік. Жақында бірлестік аясындағы «Керемет той» подюссерлік орталығының негізінде «Асабалар мен той ұйымдастырушылар» одағы құрылған.
«Keremettoi.kz» аталмыш одақпен бірлесе отырып ұлттық салт-дәстүрлеріміге сай той өткізу үрдісін қалыптастырып, әсіре батысшыл той үрдісіне қазақы қан жүгіртуді көздейді. Сайт алдағы уақытта «Керемет той» республикалық журналының мазмұндарымен қатар осы бағыттағы жағымды жаңалықтар, мақалалар мен видеосұхбаттар, құнды пікірлер мен видео роликтер, т.б ақпараттық өнімдер ұсынбақ. Сайт таныстырылымына арналған дөңгелек үстелге қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатынасты.
Оставить комментарий