Атышулы Бораттың дақпырты талай жылдан бері бітер емес. Жарыққа шыққалы қазақ ұлтын қаралап, әлемнің "мазағына" айналдырған осы фильмнің ұмытылмауын күйттеп, "насихатының" көрігін басып отырған басқа емес, өз еліміз екен. Мұны АҚШ-тың өзі келемеждеп, сынға алуда.
Осыдан бірер апта бұрын, Вашингтон қалалық газетінің сайтында “Billy Sе*crime,” Borat Character, Appears in Kazakhstan Embassy Promotional Book» атты мақала жарық көрді. Мұнда “Around the World Embassy Tour» деп аталатын әлемнің 50 - ден астам елшілік қатысқан АҚШ көрмесінде Қазақстан елшілігі мәрттік жасап, әр түрлі бұйымдар: сөмкелер мен күнтізбелер, әлемдегі жер көлемі бойынша тоғызыншы орын алатын мемлекеттің жол сілтеуші кітапшаларын таратқанын мәлімдеді. Және бұл кітапшалардың бірінде әйгілі Борат секілді кейіпкер "Билли Sе*crime" туралы Қазақстан елшілігі жазғанын таңданыспен хабарлайды. Кітапшалардың музыкалық бөлімінде қазақстандық эстрада өкілдері мен қоса "Билли Sе*crime" есімді әншінің аты аталған. Бұл "Борат" фильміндегі ойдан шығарылған, аты бар, заты жоқ кейіпкер. Ешкім ешқашан көрмеген, фильмде жоқ. Бірақ, Бораттың рөлін ойнаған Саша Барон Коэн 2006 жылы Entertainment Weekly -ге берген сұхбатында ғана айтқан. Борат типтес кейіпкердің елшіліктің басылымына қалай енгізілгені түсініксіз. Елшіліктің қатесі ме, қалжыңы ма белгісіз. Ал, ҚР елшілігі пікір білдіруден бас тартқан. Басылым «Борат мәселесінің» Қазақстанға ресми түрде кедергі келтіруі бірінші рет емес деп баға береді: «It’s not the first time the Central Asian nation has been subjected to Borat-related spoofing in official settings. There was the time when, during the medals ceremony of an international shooting competition in Kuwait». Яғни, былтырғы Кувейттегі Қазақстан Гимнінің орнына Бораттың әсіре ұятсыз өлеңінің ойнатылғанын сынға алады.
Сонымен қатар, әлгі "гимндегі" «Қазақстан тек қана әдепсіз дәстүрлерге ғана емес, калийге бай ел» деген өлең жолдарына мағыналас мәтіндер жоғарыда айтылған жолсілтеушіде де көрсетілген. Сәйкестік пе, кім білсін?
Халқымызда "Өзіңді жаттай сыйлай біл, жат жаныңнан түңілсін" деген тамаша мәтелі бар. Өз халқын өзгенің мазағына жығып берген біздің елшілікке не деуге болады?
Жания Әбдібек
Оставить комментарий