Бұл кештің көрінісі

/uploads/thumbnail/20170709130912086_small.jpg

Сол жақтан, оң жақтан, 

Соққыдан зіл батпан. 

Қап-қара қарсылас, 

Қып-қызыл бұлғақтап … 

 

Арғы бет, Бергі бет, 

Аттандап, дүркіреп. 

Бұл Қанат - бұл қазақ, 

Көк туың желбіреп … 

 

О, намыс өлермен. 

Асықтым неге мен?  

Арысын танытқан, 

Ата жұрт-егемен…

 

Ақырын көрініс, 

Көрінер кеште бұл. 

Мөп-мөлдір ыстық жас, 

Бағыңа өскен ұл… 

Бердібай Жақиялин

Связанные Статьи