«Астана ЭКСПО-2017» ҰК»АҚ EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің үздік нышаны дизайнына байқаудың басталуы туралы хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Көрменің маскоты алдағы іс-шараның тақырыбын және еліміздің мәдениетінің ерекшеліктерін ең үздік түрде көрсеткен жанды немесе жансыз кейіпкер болуы мүмкін. Жұмыстар бір ай ағымында 2014 жылғы 20 мамырдан бастап 20 маусымға дейін mascot@expo2017astana.kz. байқаудың электронды поштасына қабылданады. Барлық жұмыстардың ішінен сарапшылар 7 үздік дизайн –жобаларды таңдайды. Сонан соң финалистердің маскоттары жеңімпазды анықтаушы бүкілхалықтық дауыс беруге шығарылады. Дауыс беру арнайы сайтта және оның ұялы телефондағы нұсқасында жүреді. Байқауға аудитория назарын аудару үшін жарнамалық кампания іске қосылады. Байқаудың жеңімпазы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-пен Маскоттың брендбугын әзірлеуге келісім-шарт жасасады. Қатысу шарттары Байқау туралы ережеде көрсетілген, ол ұлттық компанияның www.expo2017astana.com сайтына шығарылған, байқау бойынша толық жауапты mascot@expo2017astana.kz. электронды поштасына жазу арқылы алуға болады.
"Қамшы" сілтейді
Оставить комментарий