Қазақ блогері Бразилияны таңқалдырды

/uploads/thumbnail/20170708152511332_small.jpg

   Қазақстанық  белгілі  блогер Аңса  Мұстафаның шығармашылығы Оңтүстік Америка жұртшылығын таңқалдырды.   Ол әлеуметтік желілерге қызықты  жазбалар жариялап, қарапайым қарандаш және бояумен  мәні терең суреттер салады. Мәселен, ата-ана мен баланың әр кезеңдегі қарым-қатынасын бейнелеген суреті  Ресей ғаламторына  кеңінен танылды. Ал, түсік жасатар алдындағы  алданған қыздың жан сыры бейнеленген суреті тек Азияда ғана емес,  Еуропа ғаламторын  шарлап шықты.

     Блогердің кезекті суреті құрлық асып,  Бразилияда таратылуда. Суретте көктемдегі  қыздың "миы" мен "жүрегін" кір машинасына  салып  жуып отырған бейнесін көрініс тапқан.  Бұл суретті 800 астам адам жариялаған. Латын америкалықтардың айтуынша, мұндай танымалдық  өз елінің суретшілерінде  бола  бермейді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи