Т. Жаманқұлов ақша жымқырғанын мойындады

/uploads/thumbnail/20170709141518795_small.jpg

Сәрсенбі күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюро ұстаған «Феникс» фильмінің продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов фильмді түсіруге бөлінген бюджет қаржысын жымқырғанын толығымен мойындап, ісіне өкінетінін және келтірілген шығынды өтейтінін жеткізді, - деп жазады Baq.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы баспасөз қызметінің мәліметінше, Жаманқұлов қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырып, ұрланған бюджет қаржысын жеке басына жұмсағанын растады.

Сондай-ақ Т.Жаманқұлов өзіне кепіл түрінде бұлтартпау шарасын таңдауды және ҚР ҚК 65-бабына сәйкес, кінәсін мойындауына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатуды өтінді.

3 қараша күні Т.Жаманқұлов шығынды жарым-жартылай өтеді. Сол себепті оның жасы, атақ-абыройы мен кепіл мүлікті енгізгені ескеріліп, оған қатысты «кепіл» түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы қолдаухат Т.Жаманқұлов, Н.Юдина және Г.Ысқақова келтірген шығын толық өтелгеннен кейін қаралады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи