Алғашқылардың бірі болып «Универсиада-2017» билетін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек алды
Шаһар басшысы билетті «Универсиада-2017» басталуына 100 күн» салтанатты шарасында, Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайының кассасынан алды. Билеттер Мемлекеттік цирк, Балуан Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайы, «Меломен» желісінің кассаларында сатыла бастады. Қазақстанның басқа да жетекші операторлары «Универсиада-2017» билеттерін сатуға жуық арада кіріседі.
Бүкіләлемдік ойындардың билеттер бағасы 300 теңгеден 3500 теңгеге дейінгі аралықта.
«Универсиада-2017» ойындарының ашылу және жабылу салтанатының билеттері 3000-15000 теңге аралығында.
«Универсиада-2017» ойындарының ресми билет операторы болып KASSІR.KZ танылды.
Билеттерді сатумен айналысатын веб-порталдар: almaty2017 com, fіsіtіcet.com, kassіr.kz.
Универсиада билеттері төмендегі спорт түрлері бойынша сатылымға түсті: тау шаңғысы, биатлон, шаңғы қоссайысы, сноуборд, фристайл, керлинг, шорттрек, шаңғы сайысы, хоккей (әйелдер), хоккей (ерлер), конькимен жүгіру, трамплиннен секіру.
Жарыстар кестесімен ойындардың ресми сайты: almaty2017 com. арқылы танысуға болады.
Нұр ҚАЙЫР
«Алматы ақшамы» газеті
Оставить комментарий