«XXI ғасыр кітапханалары: кітаппен болашаққа» атты конференциясы өтті

/uploads/thumbnail/20170709141500983_small.jpg

 

 

20-21 қазан 2016 ж. Rixos Almaty қонақүйінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Алматы қаласының 1000 жылдығына, Сапарғали Бегалин атындағы Балалар кітапханасының 65 жылдығына орай «XXI ҒАСЫР КІТАПХАНАЛАРЫ: КІТАППЕН БОЛАШАҚҚА» Халықаралық кітапхана конференциясы ұйымдастырылды.

Конференция мақсаты: қазіргі заманғы тарихи кезеңдегі кітапханалар қызметінің басты мәселелеріне назар аударту, кітапхананың мемлекеттік мәдениет саясатын жүргізудегі рөлін айқындау, инновациялық даму жолдарын бірлесе іздеу және мәдениет, білім, ғылым ошақтарымен серіктестік аясын кеңейту.

Конференцияны ұйымдастырушылар: Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы, «Алматы қалалық Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» МҚМ.

Конференцияға Алматы қаласы мен облыс кітапханашылары, ТМД елдерінен келген қонақтар, оқытушылар, мұғалімдер, мектеп кітапханшылары, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, БАҚ қатысты.

Конференция бағдарламасы аясында кәсіби іскерлік тыңдау, шығармашылық креатив бейне-шолу, «BOOKPLACE» аясында секциялық бөліністер есебінде жұмыс істеу, жаңа инновациялық жұмыстар тұсаукесері өткізілді.

21 қазанда «Кітапханашының асүйі», «VIP-ЛЕКТОРИЙ», «Шабыт ұстаханасы», «Форсайт–СЕССИЯ» сынды тақырыптық алаңдарда жұмыс жүргізілді. Бұл жұмыс төрт кітапханада: А.Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада, №4 кітапхана бөлімшесінде, С.Бегалин атындағы Балалар кітапханасында, Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында жүзеге асырылды.

Конференция аясында «Алматы тарих толқынында», «Бегалиндік Ретро» сынды иллюстрациялы кітап және фотоқұжаттар көрмелері рәсімделді, әрі Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметі байыпталды.

Конференцияға қатысушыларға шетелдік және отандық кітапхана қызметімен, жаңа технологиялармен жете танысу, серіктестік орнатудың жолын қарастыру мен келешегін болжау мүмкіндігі ұсынылды.

Жұмыс қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүреді.

Baq.kz

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи