Ақорданың баспасөз қызметі Елбасының 22 жыл бұрынғы ғарышкерлермен суретін жариялады, деп хабарлайды "Қамшы" порталы.
«1994 жылғы 4 қарашада қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев ғарыштағы «Мир» орбиталық стансасында болған сапарын аяқтап, Жерге оралды.
Ол 1994 жылғы 1 шілдеде «Союз ТМ-19» ғарыш кемесінің бортинженері ретінде ғарышқа ұшқан болатын. 125 тәулік 22 сағатқа созылған сол сапарында ол ашық кеңістікке шыққан алғашқы қазақ перзенті болды.
Сапарын сәтті аяқтаған үш ғарышкер – Т.Мұсабаевты, Ю.Маленченконы және У.Мербольдті Елбасы Торғай өңірінде салтанатты түрде қарсы алған еді. 22 жыл бұрынғы сол тарихи сәттен түсірілген фотосуретті бүгін фейсбук пайдаланушылары назарына ұсынып отырмыз», - деп жазылған жарияланған суретке түсініктемеде.
Еске сала кететін болсақ, Талғат Амангелдіұлы 2007 жылдан бастап атауы бірнеше рет өзгертілген Қазақстан ғарыш агенттігінің басқарушысы қызметінде болды. Биылғы жылдың 20-қаңтарда Т.Мұсабаев мемлекет басшысының жарлығы бойынша Қазақстан президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалып, Қазғарыштан кетті.
Оставить комментарий