Мұзда мәнерлеп сырғанау спорты бойынша Қазақстанның атын әлемге әйгілеп жүрген белгілі спорт шебері, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің Алматыда шоуы өтті. "Денис Тен және достары. Олимпий энергиясы" деп аталатын шараға алыс-жақын шетелдерден мұзда мәнерлеп сырғанаушы майталмандар қатысты. Атап айтқанда, Канададан Джоанни Рошетт, ресейліктер Максим Маринин и Татьяна Тотьмянина, француздар Брайан Жубер және жұптасқан Натали Першала и Фабьян Бурза, Владимир Беседин и Алексей Полищук және т.б. қатысты. Мұз мәнерінің қыр- сырын меңгерген отандасымыз Денис Теннің құрметіне мұнша өнерпаздардың жиналуы әрине, қуанарлық жайт.
Алматы жұртшылығы мұндай биік деңгейде өткен шоуды таңданыспен тамашалап, әсіресе жапон бишісі Мао Асада мен америкалық Эвана Лайсачеканың өнеріне ерекше тәнті болды.
Ресейлік Владимир Беседин и Алексей Полищук мұз алаңында шыққанда көрермендердің "Кончита по-русски" деп әзілдегенін естіп қалдық. Расында, сақалды еркектерге көпшіліктің көзі үйреніп те қалды. Себебі, бұл өнер...
Канадалық Джоанни Рошетт және швейцариялық Стефан Ламбьель шабыттана сырғанады

Жапонияның және әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, Олимпиада чемпионы Мао Асада. Мәліметтерге қарағанда, осы шоуды тамашалауға шетелден 300-ге тарта қонақ келсе, соның көпшлігі Жапониядан және Теннің туыстары - Оңтүстік Кореядан келгендер екен. 
Денис Теннің көрермендерге сәлемдесу сәті. 
Дәстүрге айналған Денис Теннің шоуы жылдан жылға ауқымы кеңейіп, кәсіби деңгейі де көтеріліп келеді. Мұндай спортшыларымызды насихаттау - еліміздің әлемдік аренадағы абыройы үшін маңызды іс. Себебі, әлем көп көңіл бөлетін салалар спорт пен мәдениет екенін ұмытпағанымыз абзал.
Әзірлеген Жания Әбдібек