Шымкентте азық-түлік белдеуі құрылатын болады. Бұл жөнінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Елбасы тапсырмаларының орындалуына арналған кеңейтілген отырыста мәлім етті. Бұл кеңейтілген отырыста ауыл шаруашылығына аса үлкен мән берілгенін айта кеткен жөн.
Сонымен қатар, жиында Шымкент қаласының әкіміне шаһардың даму жоспарына қатысты бірқатар тапсырмалар жүктелді. Агломерацияларды дамыту аясында облыс аудандары мен Шымкент қаласының арасында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша өндірістерді құру мәселесі талқыланып, оның мән-жайы сөз болды. Бұған қоса халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету жөніндегі меморандумдарға қол қойылатын болады. «Қаланы азық-түлікпен қамтамасыз ететін аграрлық секторда шағын және орта бизнес белдеуін құруды тапсырамын. Сонымен қатар, жасыл белдеу құру мақсатында бақтар мен орман аймағындағы жерлерге толық тексеру жүргізілсін», - деді ол. Яғни, облыс басшысы жасыл белдеу құра отырып, агробизнесті дамытуға көңіл бөлу керектігіне тоқталып отыр. Агробизнесті дамыту бұл біріншіден, өңір тынысына жаңа дем беру, жаңа жұмыс орындары ашылады дегеннен шығатын ұғым ғой. Расында бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығын дамытуға үлкен серпін, жаңаша көзқарас беретіні айдай анық.
Сондай-ақ, Елбасының тапсырмаларына орай, өңірдің және аудан, қалалардың аймақтық даму картасы жасалады.
http://www.inform.kz/
Оставить комментарий