Гитлердің әйелі Ева Браун киген жібектен тігілген ескі ішкиім Ұлыританиядағы аукционда 2900 фунтке сатылды деп хабарлайды, "Қамшы" порталы BBC-дің орыс қызметіне сілтеме жасап.
Ағылшын баспасөзінің дерегінше, бұл киімді екінші дүниежүзілік соғыстың аяғында Гитлердің бункерінен америкалық жуынгер тауып алған.
Панталон-түрсиде EB деген жазу тоқылған, ол өткен ғасырдың 40-шы жылдарындағы ең сәнді ішкиім болған.
Алайда соңғы 70 жылдың ішінде бұл киім бірнеше рет сатылып, түрлі адамдардың қолында болған.
Philip Serrell сауда үйінің бағалаушысы Софи Джонстың айтуынша, Ева Браунның ішкиімі тозыңқырап қалған, бірақ әлі де жарамды күйде.
Ева Браун Адольф Гитлермен 1929 жылдың қазан айында танысқан, ол кезде Ева 17 жаста, Гитлер 40 жаста болған.
Оставить комментарий