Әлемде етті ең көп жейтін қай ел?

/uploads/thumbnail/20170709145025076_small.jpg

Ағылшынның Telegraph газеті «1 қараша Дүниежүзі вегетариан күніне» орай әлемде қай елдер етті көп жейтінін жазды, деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

«The State of Food and Agriculture» атты еңбекке сүйеніп, Британ басылымы жазған ақпаратына сай елдердің жылдық жан басына ет тұтыну көрсеткіші бойынша, етті ең аз тұтынатын ел Бангладеш – 4 кг. Индия 4.4 кг. Сондай-ақ оңтүстік Азияда орналасқан бірнеше ел де етті аз тұтынатын елдер арасында.

Ал, етті ең көп тұтынатын ел АҚШ, бұл елде ет жан басына 120.2 кг тұтынылады екен. Одан соң Кувейт 119.2 кг. Австралия: 111.5 кг.

Біздің көршілес елдеріміз болса Тәжікстан 14,7 кг Өзбекстан: 28.4 кг Әзірбайжан: 32 кг Қырғызстан: 36. кг ет тұтынады екен.

Ал, қазақстандықтар жыл сайын 56.0 кг-нан ет тұтынып, ет жегіш елдердің ортасында ғана тұр.

Оставить комментарий

Связанные Статьи