Есімдер сыр шертеді

/uploads/thumbnail/20170708152643248_small.png

Есіміңіздің мағынасын білесіз бе?

Есім , әдетте, адамды сыртқы мәдениетін айшықтап, айқындап көрсететін әрі адамды екінші адамнан айыру үшін қойылатыны анық. Халқымыз дүниеге келген әрбір нәрестеге айшықты да сұлу, мағынасы жарасымды еімді таңдап, талғап қойған әрі сол есімді болашағымен байланыстырған.

         Осы орайда, «Есіміңіз қандай мағына береді? Өзіңізге ұнай ма?» деген сұрақтар төңірегінде сауалнама жүргізген болатынбыз.

  -  Қарымсақ Ербаянов ( Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қаракөл селосының зейнеткері): Есім қою, балаға ат беру - ерекше нәрсе деп білемін. Біздің кезімізде мағыналы, тәрбиелі немесе сол кездегі атақты кісілердің есімі берілетін.Қазіргі кезде көбінесе теледидардан көрсетілетін түрік, кәріс телехикаяларының кейіпкерлерінің атын береді немесе шетелде танымал болған мағынасыз есімдерді қойып жүр.Мен бұған қарсымын. Менің есімімді біз туған жылдары Доссор мұнай кәсіпшілігінің ат-арба көлігінде мұнай тасушы болған.Сол кездегі Ленин орденімен марапатталған. Міне, есімімді осы кісідей атақты, еліне қызмет ететін кісі болсын деп қойған. Аллаһха шүкір, бүкіл қазаққа танымал болмасақ та, өз айналамда сыйласатын ортам бар, соған қуанамын.

 - Жайық Қобыландыұлы (Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз селосы Кенбай орта мектебінің І санатты тарих пәнінің мұғалімі, әлеуметтік психолог): Жастардың қазіргі заманға сай есімдерін өзгертуі ұнамайды.Есімнің мағыналылығы адам психологиясына әсер етеді. Өзім оқушыларға сабақ беретіндіктен олармен жиі жолығып, пікірлесіп отырамын. Алайда, сабақ берген оқушыларымның ішінен "мен өз атыма көңілім толмайды" деген баланы көргем жоқ.Бірақ өзге облыстарда , жалпы елімізде  күлкінішті есімдерді естіп қалатынымыз бар.Мәселен, ЕҚЫҰ мүше болып,  Саммит өткен жылы елімізде Саммитхан, Саммитгүл, т.с.с. есімдерді естіп, жағамызды ұстадық.Бұл есімдер Самит өткен жылы жастар айтатындай "мода" болар, алайда 5-6 жыл өткеннен кейін қолданыстан шығып, неге қойғандарын ата-ананың өздері де білмеуі мүмкін.Менің есімімді "Жайық-Еділ екі су" деп әнге қосқандай, егіз болғандықтан сыңарым екеумізді ырымдап, осылайша Жайық-Еділ қойған екен. Міне сондықтан есімде үлкен мән бар деп білемін.

 - Хорлан Сейілхан (С.Демирел атындағы университеттің І курс студенті) : Менің атымды «Хорлан» деп әкем қойған және менің егізімнің сыңары Марғұланға ұқсастырып қойды.Яғни Хорлан-Марғұлан. Біз бала күнімізде әкемізден «Неге Хорлан-Марғұлан» деп сұрайтынбыз.Әкем: «Есімдеріңді егіз болған соң, ұқсастырып қойдым.Хорлан деген есімді көпшілік жалпы хор қызындай болсын деп қояды.Бірақ мен "Естай-Қорлан" жырын оқығаннан кейін Қорлан деп емес, жұмсартып, Хорлан деп атадым" дейтін.Хорлан деген есім түріктерде "Хури" деп аталады екен.Мағынасы біздікіндей "хор қызы".Бала кезімде атыма көп мән бере қоймайтын едім.Студент боп қалаға келгенде барлығы "Жаужүрек мың бала" фильміндегі Қорлан есімі көпшілікке танымал болды ғой.Содан кейін бәрі менің есімімді естігенде "Ооо, тамаша есім екен!" деп таңданып жатады. "Әкем  есімімді тегін қоймаған екен ғой" деген ойға келдім.Өз есімі өзіме қатты ұнайды.

  - Майра Уәлиқызы (Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз селосы Кенбай орта мектебінің 11-сынып оқушысы): Жанұямыздың тұңғышы болғандықтан есімімді әжем қойған.рине, есімді тектен текке қоймайтыны белгілі, "қазақтың Майрасындай әнші" болсын десе керек.Есімімнің мағынасын іздеп көргенімде иран тілінен аударғанда "моншақ" дегенді білдіреді екен.Өз басым есімнің мағыналы қойылуында үлкен мән бар деп білемін.Атақты әнші апамыздың есімімен аттас болғандықтан өз есімімді әркез мақтан тұтамын.

 - Жанайдар Болатбекұлы (БҚО М.Өтемісұлы атындағы университеттің І курс студенті): Менің есімім көпшілігінде жоқ-ау деймін.Мектеп кезінде де аттас ешкім болған жоқ.Жанайдар иран тілінде "джон" - ар, "хайдар" - арыстан деген сөз.Есімімен "Қазақ есімдерінің тарихы" кітабында осындай мәлімет келтірілген екен.Есімімнің мағынасы "арыстандай айбатты, мықты, жігерлі" дегенді білдіреді.Есімімді Молдағали атам қойыпты.

 - Таңшолпан Бегалықызы (ОҚО Отырар ауданы "Қоғам" ауылы "Қоғам" орта мектебінің 11- сынып оқушысы): Мен 6-маусым күні таңға жуық дүниеге келіппін.Сонда Көксарайдағы нағашы әжем Закира алып-ұшып жетіпті де, Таңшолпан деп қойыпты.Жалпы адамның есімі өміріне әсер етеді дегенге сенбеймін.Өйткені халқымыз небір қызықты есімдерге бай және сол есімдерді арқалағандар да басқаша күй кешуде.Бірақ ырымшыл халқымыз бұл есімді қыз баласына таңдағы шолпандай жарқырасын деген ниетпен қояды деп ойлаймын.Есімім өзіме ұнайды.Өз атыма өзім сай болуды ұстанамын.

 - Айзада Жайыққызы: Осы күнге шейін шынымды айтсам, есімімнің дәл қандай мағына беретінін білмейді екенмін.Іздеп қарағанымда, бұл есім қазақша ай және зада иран тілінен аударғанда перзент, бала дегенді білдіреді екен.Яғни, есімімді айдай перзент болсын деген ниетпен қойған екен. Есімімді мақтаныш етемін.

P.S.Қазіргі кезде батысқа еліктеудің әсерінен  бе, кейбір "күлкінішті есімдер" қаптап кеткені жасырын емес. Мысалы, Азиада , Саммит өту қарсаңында қойылған есімдердің көпшілігі Саммитгүл, Саммитхан, Азиада деген есімдер екен.Бұны қоя тұралық, Жаңа жыл қарсаңында дүниеге келген сәбиге "Елка" есімі қойылыпты. Масқара - ай! Қазақ есімдерге бай ел ауыз керіп мақтанып жатқанымызда сәбилеріміз өз аттарынан өздері ұялып, ержететіні   обал. Есім жайлы Ұлы Гомер: "Есім дегеніміз - алуан-шекер сыйлық.Ал сыйлық пен тарту адам үшін зор қуаныш" деген екен. Адам бір есіммен бір-ақ рет ғұмыр кешеді. "Қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса" деген бар, әрине, ақыл айтып, ділмарсудан аулақпыз. Тек ұлтқа  жанымыз ашығандықтан, есімдері мағынасыз сәбилер көбеймесін деген тілекпен ЕСІМ беруде мән берейікші дегіміз келеді.

Оқырман, сіздің есіміңіздің сыры  неде екен? Бөлісе  отырыңыз... 

Айзада Жайыққызы,

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің

І курс студенті

Связанные Статьи