Террористер жаппай дарға асу әрекеттеріне баруда. Олар Ирактағы Мосул қаласында тұтқындалған 1600 тұрғынды бомбалауда кезінде тірі қалқан ретінде пайдалануда. Бұл туралы Біріккен Ұлттар ұйымы хабарлайды.
Сондай-ақ БҰҰ-ның хабарламасында Мосулдың шығыс жағындағы Каджалиде 180 бұрынғы мемлекеттік қызметкердің өлтірілгені айтылған. Ал Мосулдың өзінде 200 адам өлтірілуі мүмкін. Террористер 9-10 жастағы балаларды да өз қатарларына тартуда.
Бұған дейін хабарланғандай, Мосулды босату операциясы 17 қазанда басталған болатын. Операцияға Ирак үкіметтік күштерінен бөлек күрд әскері және АҚШ бастаған халықаралық антитеррорлық коалиция қатысуда.