Вице-министр: ҰБТ соңғы рет өтуде деген ақпарат негізсіз

/uploads/thumbnail/20170708152703796_small.jpg

Бүгiн Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнде орналасқан сынақ пункттерiнiң бiрiне келген ҚР Бiлiм және ғылым вице-министрi Тахир Балықбаев биыл ҰБТ соңғы рет өткiзiлiп жатыр деген ақпаратты терiске шығарды. 

"Биыл ҰБТ соңғы рет өткiзiлiп жатыр деген ақпарат дұрыс емес. Бiздiң жоспарымыз бойынша, келесi жылы да сынақ осы форматта өтпек. Бiрақ бiзде мемлекеттiк бiлiм беру жүйесiн дамытудың 2020 жылға арналған бағдарламасында 2015 жылдан кейiн мектеп бiтiрген оқушылардың емтихандарына өзгерiс енгiзу көзделген. Оны қазiр арнайы комиссия талқылап жатыр. Содан кейiн 2016 жылдан соң енетiн болса, айтатын боламыз", - деп атап өттi ол.

Айта кетейiк, бүгiн, 2 маусымда Қазақстанда мектеп түлектерiн ұлттық бiрыңғай тестiлеу басталды. Тахир Балықбаев ұлттық сынақ тапсырмаларын ресми түрде ашты және түлектерге сәттiлiк тiледi.

http://inform.kz

Связанные Статьи