Тізімді әдеттегідей 59 жасар Германия канцері Ангела Меркель бастап тұр. Екінші орынды АҚШ- тың лауазымды саясаткері Джанет Йеллен иеленсе, үшінші орын қайырымдылық шараларымен айналысатын Билла Гейтстың жары Мелинда Гейтске бұйырыпты.
Ықпалды нәзік жандылардың тізімін жасауда сарапшылар төрт критерийге сүйенген екен: байлығы, бұқаралық ақпарат құралдарында шығуы, саласы мен кәсібіндегі ықлалы. Жүздіктің ішіне 28 корпарация басшылары, 18 өз компаниялары мен қорларын ашқан әйелдер,13 миллиардер және әншілер мен саясаткерлер бар.
Ең егдесі 88 жастағы Ұлыбратиния патшайымы Елизавета ІІ болса, ең жасы 28 жасар америкалық әнші Леди Гага екен. Сегіз әйел бұл тізімге 2004 жылдан бастап оныншы рет еніп отыр. Олар Мелинда Гейтс, Кристин Лагард, Хиллари Клинтон, Индра Нуйи, тележүргізуші Опра Уинфри, Эми Паскаль, Елизавета II патшайым және т.б. Сонымен қатар, тізімде әнші Бейонс Ноулз де бар екен.
Тізімде АҚШ президентінің жары Мишель Обама да бар.
Дереккөз nur.kz