Олар мас күйінде көлік айдаған, құжатсыз жүрген жүргізушілерді жазаламаған. Керісінше қалталарының қамын ойлапты.
Бұл туралы Ктк арнасы хабарлайды.
Ақтөбелік тәртіп сақшылары арасында жемқорлық тыйылмай тұр. Сондықтан ішкі істер департаменті басшыларының өзі процесті тәртіп сақшыларының ортасында өткізуді өтініпті. Үкім кесер кезде көшеде жүрген жол сақшыларының бәрін осында жиналды. Көздерінше ақша көрсе міндетін ұмытатын әріптестерінің алды үш жылға сотталды. Дегенмен, судья көшпелі отырыс ұйымдастыруды өтінген шенділерге де ескерту жасады. Өйткені, жол сақшыларының жұмыс кезінде жүріп-тұрғанын күні бойы түсіруге тиіс бейне тіркеуіштері шаң басып тұр екен. Оны мүлдем тақпайды. Бақылау болмаған соң полицейлер білгенін істейді. Осыған қатысты судья қосымша қаулы қабылдады.
Оставить комментарий